Компания туралы

Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы, басшылығы және құрылымы туралы ақпарат

Астана қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде жүзеге асыратын квазимемлекеттік ұйым және жүз пайыз мемлекет қатысатын заңды тұлға болып табылады. Ұйым 2025 жылы құрылды.

Орталық астананың көлік жүйесін басқаруды қамтамасыз етеді және қаладағы жол қозғалысын басқарудың бірыңғай операторы болып табылады.

Орталықтың құрылуы көлік ағындарын, орынтұрақ кеңістігін, жол инфрақұрылымын және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған цифрлық сервистерді басқаруға жүйелі көзқарас қажеттілігіне байланысты.

Орталықтың қызметі деректерді талдаудан бастап шешімдерді іске асыруға дейінгі барлық процестерді үйлестіруді қамтамасыз ете отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, көлік инфрақұрылымын дамытуға және қазіргі заманғы цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған.

Орталықтың негізгі міндеті – астана тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайлы, қауіпсіз және қазіргі заманғы қалалық ортаны қалыптастыру.

Миссиясы

Қала тұрғындарының жайлылығына бағытталған қауіпсіз, тиімді және технологиялық жол қозғалысы жүйесін құру.

Көлік кептелісін төмендету

Көлік ағындарын оңтайландыру және өткізу қабілеттілігін арттыру

Жол қозғалысының қауіпсіздігі

Қозғалыстың барлық қатысушылары үшін қауіпсіздікті арттыру

Басқаруды цифрландыру

Көлік жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу

Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы:

  • жол қозғалысын басқару
  • орынтұрақ кеңістігін дамыту
  • көлік жағдайын мониторингтеу
  • көлік құралдарын эвакуациялау
  • интеллектуалдық көлік жүйелерін енгізу жөніндегі функцияларды орындайды

Толық басқару циклінің қағидаты

Орталықтың жұмысы толық цикл қағидаты бойынша құрылады: ағымдағы жағдайды талдаудан бастап шешімдерді енгізуге және олардың тиімділігін кейінгі бақылауға дейін.

Басшылық туралы

Бас директор
Сабитов Даурен Куанбекович
Көлік жөніндегі бас директордың орынбасары
Абдуалиев Руслан Омирбекович
Жол қауіпсіздігін мониторингтеу жөніндегі бас директордың орынбасары
Жакенов Турсынгали Жаксылыкович
Басқарушы директор
Қажыбасов Шыңғыс Бауыржанұлы

Бөлімдер мен олардың қызметі

01 Жол қозғалысын ұйымдастыру бөлімі

Жол қозғалысын ұйымдастыру бөлімі – бұл қала аумағында жол қозғалысын ұйымдастыруды және реттеуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше. Бөлімнің негізгі міндеті көше-жол желісінің тиімді жұмысын қамтамасыз ететін қозғалысты ұйымдастыру схемаларын әзірлеу және енгізу болып табылады.

Бөлім қызметі көлік инфрақұрылымы саласындағы шешімдерді жоспарлауға және іске асыруға қатысуды, қозғалысты оңтайландыру және көлік жүктемесін төмендету жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді, көліктің алуан түрлерінің қозғалысын ұйымдастыруды, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және авариялылықты төмендетуді қамтиды. Бұдан басқа, бөлім жол-көлік жағдайына мониторинг жүргізеді, оқиғалардың салдарын талдайды, ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және қоршау құрылғыларын орнатуды қоса алғанда, қозғалысты ұйымдастыру саласындағы келіп түсетін ұсыныстар мен шешімдерді қарайды.

Бөлімнің жұмысы жолдардың өткізу қабілетін арттыруға, көлік жағдайын жақсартуға және жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

02 Көліктік модельдеу бөлімі

Көліктік модельдеу бөлімі жол қозғалысы саласында шешімдер қабылдауға ғылыми негізделген тәсілді қамтамасыз ететін негізгі талдау бөлімшесі болып табылады.

Жол қозғалысын ұйымдастыруда өзгерістер енгізілмес бұрын міндетті көліктік модельдеу жүргізіледі - әртүрлі қозғалыс сценарийлерін талдаумен жол жағдайының цифрлық моделін құру процесі.

Модельдеу ұсынылған шешімдердің көлік ағындарына әсерін алдын ала бағалауға, ықтимал тар жерлерді анықтауға, кептелістердің пайда болуын болжауға және ең тиімді нұсқаларды анықтауға мүмкіндік береді.

Модельдеу кезеңінде талдау жүргізу іске асыру басталғанға дейін ықтимал қателерді анықтауға, тиімсіз шығындарды болдырмауға және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

03 Орынтұрақ кеңістігін дамыту бөлімі

Бөлім қаланың орынтұрақ жүйесін ұйымдастыруды және әкімшілендіруді жүзеге асырады. Орынтұрақ кеңістігі қала құрылысы құжаттамасына және жол қозғалысын ұйымдастыру схемаларына сәйкес қалыптастырылады және көше-жол желісі шегінде, сол сияқты жекелеген жер учаскелерінде де орналастырылуы мүмкін.

Қалада көлік ағындарын реттеуге және орынтұрақ орындарын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған ақылы коммуналдық орынтұрақ жүйесі енгізілді.

Бөлім автоматтандырылған жүйелерді пайдалана отырып, орынтұрақ ақысын төлеуді бақылауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ пайдаланушыларға тарифтер, төлем тәсілдері және орынтұрақтарды пайдалану қағидалары туралы хабардарлауды ұйымдастырады.

04 Көше-жол желісінің мониторингі бөлімі

Мониторинг бөлімі орынтұрақ қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, бұзушылықтарды тіркейді, автоматтандырылған төлем жүйелерімен өзара іс-қимыл жасайды және пайдаланушылардың өтініштерін өңдеуге қатысады.

Бейнебақылау камераларын, датчиктер мен ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, мыналар:

  • көшелер жүктемесін бақылау
  • жол-көлік оқиғаларын тіркеу
  • кептелістерді және өзге де проблемалық учаскелерді анықтау жүзеге асырылады.

Сонымен қатар бөлім аялдау және тоқтап тұру қағидалары бұзылған жағдайда, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төнген кезде көлік құралдарын эвакуациялауды ұйымдастырады.