Жаңалықтар

Астана, 2026 жылғы 14 қыркүйек

АСТАНАДА АҚЫЛЫ ТҰРАҚТЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ UIMS PARKING ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына қарасты «Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы» (ЖҚҰО) ЖШС-не «Астана автотұрақ кеңістігі» ЖШС қосу арқылы қайта ұйымдастыру шеңберінде халыққа қызмет көрсету сапасын едәуір арттыруға бағытталған жаңа UIMS Parking мобильді қосымшасы мен веб-порталы іске қосылды.

Ресми платформа елордалық тұрақтардың цифрлық қызметтерін ыңғайлы, қолжетімді әрі ашық пайдалану үшін әзірленген.

Жаңа жүйеге өту кезінде көлік иелері үшін басты маңызды ақпарат:

  • Жеңілдіктер мен абонементтердің сақталуы: барлық қолданыстағы жеңілдік санаттары мен бұрын рәсімделген абонементтер бірыңғай деректер базасында толық сақталды. Құжаттарды қайта тапсырудың қажеті жоқ.
  • Жеке шоттар: пайдаланушылардың жеке шоттары мен баланс қалдықтары жаңа жүйеге толығымен көшірілді.
  • Төлем тәсілдері мен QR-кодтар: қолданыстағы төлем арналары мен ақпараттық тақталардағы QR-кодтар өзгеріссіз қалады.
  • Төлем жасау уақыты: ағымдағы тәуліктегі тұрақ сессиясы үшін төлемді бұрынғыша сол күннің сағат 23:59-ына дейін жүргізуге болады.

Жаңа UIMS Parking қосымшасын App Store және Google Play-ден жүктеп алуға болады. Тұрақ аймақтарының орналасуы, ережелер мен тарифтер туралы барлық өзекті ақпарат жобаның ресми сайтында орналастырылған.

Google Play-ден жүктеп алу
App Store-дан жүктеп алу